Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:16, 15 май 2025
Жаналықтар

Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес Құрбан айт мейрамы үш күн бойы (6-8 маусым) тойланады, деп хабарлайды F16.kz.

Биыл Құрбан айт мейрамының бірінші күні 6 маусым, жұмаға түсіп тұр.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні жұмыс режимі мен ауысымдық (вахталық) кестеге қарамастан демалыс саналады.

Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:

Бес күндік жұмыс аптасындағылар 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады.
Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.

Фото: Тілеубек Шаяхмет 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)