Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:36, 16 май 2025
Жаналықтар / Ұлан / Басты

Шалқар көлінде жазғы туристік маусым ашылады – ШҚО

17 мамыр күні Ұлан ауданында Шалқар көлінің жағажайында жазғы туристік маусым ашылады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік бағдарлама дайындалып, музыкалық нөмірлер, ыстық тағамдар мен сусындар дайындалады. 

Бағдарламада:

·        Көңілді концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен садақ ату;

·        Атпен, түйемен және баггимен серуендеу;

·        4-көлге жаяу жорық, «TOR ALTAI» демалыс орнына экскурсия және «Өмір соқпағы» арқылы қызықты өрлеу;

·        «Аблайкит» археологиялық кешеніне джип-тур және зерттеуші Б. В. Щербаковтың ерекше таныстырылымы;

·        Шеберлер жәрмеңкесі, қолөнершілердің туындылары, ұлттық әшекейлер мен кәдесыйлар;

·        Қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын тамашалайтын этноауыл ұсынылады. 

Шара соңында жұлдызды аспан астындағы би кеші өтеді. 

Туристік маусымның ашылуы 17 мамыр күні сағат 10.00-де басталады.

Фото: F16.kz 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)