Қытайлық дәрігерлер ШҚО мамандарымен тәжірибе алмасады

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары барысында Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасында болды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Аталған көпсалалы ауруханада емдеу, шұғыл медициналық көмек, оңалту, білім беру және ғылыми зерттеу бағыттарына қарқынды дамыған. Аурухана өкілдерінің айтуынша, медициналық мекеме СҰАА аумағында клиникалық қазақ медицинасы, дәрілік заттарды әзірлеу және мамандарды даярлау саласында жетекші орын алады.
Қазір аурухана аумағында автономиялық ауданның лицензиясы бар 28 түрлі ауруханаішілік өндірістегі дәрілік препараттар шығарылады. Сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықталған. Атап айтқанда, GE компаниясының 64 тілімді компьютерлік томографы, 1,5 Тл магнитті-резонанстық томографы, Philips компаниясының жоғары сапалы ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары және Olympus тораколапароскопиялық құрылғылары жұмыс істейді.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі




