F16.KZ
Жарияланды: 18:00, 19 май 2025
Жаналықтар

VetPro – 2025: болашақ ветеринарлар сайысқа түсті

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауыл шаруашылығы (ветеринария) бағытында оқитын студенттер арасында республикалық VetPro кәсіби шеберлік байқауы басталды, деп хабарлайды F16.kz.

Еліміздің үздік студенттері өздерінің білімі мен дағдысын көрсету үшін Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің базасына жиналды.

Байқау бағдарламасы ветеринарлық тәжірибенің негізгі бағыттарын қамтитын жеті практикалық тапсырмадан тұрады. Бағалау WorldSkills стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Сарапшылар құрамына салалық кәсіпорындардың өкілдері мен ветеринария саласының мамандары кірді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)