F16.KZ
Жарияланды: 16:30, 20 май 2025
Жаналықтар

Қазақстан құтқарушылары ұлттық рекорд жаңартты

Ресейдің Уфа қаласында ерлер және әйелдер командалары арасында «Достық» кубогы мен «Алтын шабуыл сатысы» жүлдесіне арналған өрт-құтқару спортынан халықаралық жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, финалдық кезең «Жауынгерлік жедел әрекет» сайысы түрінде өтті. Осы сайыста Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы 23,37 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді. Бұл – жаңа ұлттық рекорд. Команда құрамына ШҚО ТЖД қызметкерлері Николай Буторин, Максат Романов және Максим Черносвитов сынға түсті.
Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы сапында шығысқазақстандық Валерия Поволодская өнер көрсетті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша қазақстандық ерлер командасы екі қола мен бір күміс медаль жеңіп алды. 
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынды иеленді.
Бұл нәтиже – қажырлы еңбетің жемісі ғана емес, сонымен қатар еліміздің өрт-құтқару спортындағы үлкен жетістік. Біз халықаралық аренада көшбасшылыққа таласа алатынымызды көрсеттік, – деді «Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының спорт федерациясы» ҚБ-ның атқарушы директоры Даурен Данаев.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)