Жаналықтар
ШҚО-да жол бойындағы сервистік нысандар көбейеді

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызға ие жолдардың бойында жолаушыларға қолайлы заманауи сервистік нысандар көбейеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапары кезінде айтты.
Жол бойындағы сервистік нысандар өте қажет. Өйткені жолаушылардың, туристердің көлікпен жүргенде кез келген жерге тоқтап, демалуына жағдай жасалуы керек. Біздің ойымызша әрбір 50 км сайын осындай сервистер қойсақ бұл өте құптарлық іс болады. Онда адамдар аялдап, кофе, шайын ішіп, далаға шығып, бір демалып алып әрі қарай жүреді. Сондықтан осы жұмысты біз жалғастырамыз. Сервисті қойған “ҚазАвтоЖол” компаниясы, ал жергілікті атқарушы органдар жарық пен су тартып, жерін ыңғайлап береді, – деді облыс әкімі.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай