F16.KZ
Жарияланды: 10:20, 30 май 2025
Жаналықтар

Үлкен Нарын ауданында бірнеше ауылға ауызсу тартылады

2025-2026 жылдары Үлкен Нарын ауданына қарасты Алтынбел, Үштөбе, Солдатово, Көкбастау ауылдары ауызсумен қамтылады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Бұл туралы Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов айтты.

Көктерек, Кіші Нарын ауылдары таза ауызсумен қамтылды. Сондай-ақ тұрғындарды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, - деді аудан әкімі.

Биыл аталған жұмыстар жалғасын табады. 2025-2026 жылдары төрт ауылға, атап айтқанда Алтынбел, Үштөбе, Солдатово, Көкбастауға су тартылады. 

Айта кетейік, бүгін Үлкен Нарында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көшпелі мәжілісі өтіп жатыр.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)