ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданында жүр

Бүгін Үлкен Нарын ауылында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көшпелі мәжілісі басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалымен өтіп жатқан мәжіліске аудан-қалалардың әкімдері, басқармалардың басшылары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып отыр.
Жиын барысында Үлкен Нарын ауданының былтырғы және 2025 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, биылға межелеген мақсат-міндеттер қаралып жатыр.
Сондай-ақ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын қорытындылау және алдағы қысқа дайындық, жаңа оқу жылына әзірлік, оқушыларды қорытынды аттестациялауға даярлау, жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелері күн тәртібіне қойылған.
Облыс әкімі жұмыссапары аясында №26 өрт сөндіру бөлімшесінде, орталық жылыту қазандығында және «Приморск» жазғы лагерінде болады, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтетін шағын футболдан жолдастық матчқа, «Тәуелсіздік» саябағында 50 түп көшет егу шарасына қатысады деп жоспарланған.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі




