F16.KZ
Жарияланды: 16:00, 30 май 2025
Жаналықтар

Тағы 35 автобуспен толығады

Өскемен қаласының автобус паркі тағы 35 автобуспен толығады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

– Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау есебінен халық үшін қолжетімді тариф бекітілетін болады. Жалпы, 2025 жылға арналған субсидиялау жоспарына автомобиль, теміржол және әуе тасымалы енгізілген. Өңірде әлеуметтік маңызға ие 160 маршрут бар болса, оның 157-сі автомобиль, екеуі теміржол, біреуі әуе маршруты екенін айту керек, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Белгілі болғандай, облыс көлемінде 90 қалалық маршрут (Өскемен – 63, Алтай – 11, Риддер – 15, Зайсан – бір) субсидиялауға жатады екен. Бұдан басқа, 32 қалааралық және ауданаралық маршрут, сондай-ақ 35 ауданішілік маршрут субсидияланады, деп хабарлайды облыс әкімдігінен.

Айта кетейік, қазір Шығыс Қазақстанда субсидия есебінен Өскемен мен Риддердегі қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен жаңартылуда. Бүгінге дейін тасымалдаушылар 195 сужаңа автобус пен 26 микроавтобус сатып алған. Жыл соңына дейін тағы 35 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Осының арқасында Өскемендегі ескірген автобустардың үлесі 60%-ға дейін төмендейтін болады. Ал Риддердегі автобустар 100%-ға жаңармақ.

Фото: F16.kz/Жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)