admin
Жарияланды: 20:00, 05 ноябрь 2024
АЙДАРЛАР / Әлеумет

Шағын және орта бизнестен салық түсімдері артты - ШҚО

Биыл жыл басынан бері ШҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерінен салық түсімдерінің көлемі 114,1 миллиард теңгеге жетті. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға жоғары. 

Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз маслихатында  айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.

- Салық түсімдерінің өсуі - бұл іскерлік белсенділіктің артуы мен мемлекеттік бағдарламадан қолдау тапқан кәсіпкерлік жобалардың қаржылық тұрақтылығының белгісі, - деп атап өтті Ольга Григорьева.

Сонымен қатар ШОБ-тың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемінің де өскені байқалды. Ол 326,1 миллиард теңгеге жетіп, 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31%-ға артқан.

ШОБ секторында өнім шығару көлемінің де өсімі байқалуда. 2024 жылдың екінші тоқсанында өндіріс көлемі 828,1 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Өнімнің нақты көлем индексі 105,6%-ға жетіп, өндіріс саласындағы нақты өсімді көрсетіп отыр.

Мұндай нәтижелер «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және аймақтық «Ақ-Ниет» бағдарламалары аясындағы кешенді қолдау шараларының арқасында мүмкін болды.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)