ШҚО-да қатты аяз: Мектептерде сабақ болмайды
![](/uploads/posts/2025-01/whatsapp-image-2025-01-14-at-08_10_54.jpg)
14 қаңтарда Шығыс Қазақстанның бірқатар аудандарында аязға байланысты аудан мектептерде сабақ тоқтатылады. Оқушылар қашықтан оқиды.
Үлкен Нарын ауданы бойынша ауа температурасы минус 28-30 градусқа дейін төмендейді. 1-ші ауысымдағы 0-4-сыныптар қашықтан оқытуға ауыстырылады: Қ.Дамитов атындағы, Үлкен Нарын, Малонарым, Солоновка, Ново-Хайрузовка, Алтынбел орта мектептері.
Күршім ауданында ауа температурасы минус 24-30 градусқа дейін төмендейді. 1-2 ауысымдағы 0-4 сыныптар қашықтан оқиды: Үшбұлақ, Барақ батыр, Сарыөлең, Бірлік, Теректібұлақ орта мектептері. Сондай-ақ Күршім, Құйған және Алғабас ауылдарында 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Катонқарағай ауданында ауа температурасы минус 28-31 градусқа дейін төмендейді. Ақсу, Аққайнар, Корбиха, Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектептерінің 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді.
Алтай ауданында ауа температурасы минус 28-35 градусқа дейін төмендейді. Алтай қаласында 1-2 ауысымдағы 0-9 сыныптар қашықтан оқиды: Леснопристань және Маяк орта мектептері. Сондай-ақ Первомайское, Тұрғысын, Бородино, Михаил Бикетов атындағы, Зубовск орта мектептері мен Новокрестьянка және Подорленок бастауыш мектептерінің 0-4 сыныптары үшін сабақ онлайн өтеді. Ал Путинцево және Соловьев орта мектептерінде 0-11 сыныптар қашықтан оқуға ауыстырылады.
Шемонаиха ауданында ауа температурасы - минус 30-32 °C. Верх-Убинка орта мектебінің 1-4 сыныптары, ал Большереченская орта мектебінің 1-9 сыныптары қашықтан оқиды.
Самар ауданында - 32°С аяз түседі. И.Яроцкий атындағы негізгі мектеп және Жаңажол бастауыш шағын жинақты мектебінің оқушылары онлайн оқиды.
Глубокое ауданында ауа температурасы – минус 27-30 градусқа дейін төмендейді. Бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқуға ауыстырылады: Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі, Малоубинка орта мектебі және О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі.
Фото: uralpress.ru
![](/uploads/posts/2024-12/1735084206_photo_5426972696878637661_y-1.jpg)
![](/uploads/posts/2024-11/img_5792.jpg)
![](/uploads/posts/2024-11/whatsapp-image-2024-11-04-at-05_02_49.jpg)
![](/uploads/posts/2024-11/img_5662-1.jpg)
![](/uploads/posts/2024-11/img_5751.jpg)