admin
Жарияланды: 15:00, 03 февраль 2025
АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Басты

Өскеменде студенттер экология мәселесін талқылады

Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында студенттермен кездесу өтті.

3 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ұйымдастырылған жиын жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Шарада «Қоғамды экологиялық дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Танир Ясса студенттерге табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, экологиялық сана қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға «Таза Қазақстан» акциясы мен өңірдегі экологиялық жобалар туралы арнайы фильм көрсетілді.

Жиын барысында жастар қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін білдірді. Ал ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар экологиялық білімді арттырып қана қоймай, жастардың азаматтық белсенділігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

І

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)