admin
Жарияланды: 18:54, 01 сентябрь 2024
Не жаңалық? / Басты / АЙДАРЛАР

Полиция аймақ шахталарында болған апаттар бойынша тергеуді бастады - ШҚО әкімі

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барып көңіл айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Бұл кезеңде барлық қажетті қолдауды KAZ minerals компаниялар тобының басшылығы, мердігерлер, облыс және аудан әкімдіктері көрсетеді. 

– Бұл қайғылы жағдай. Біз асыраушысынан айырылған отбасыларға балаларды оқыту және басқа да өмірлік жағдайларға қатысты толық көмек көрсетеміз. Осы оқиғаның егжей-тегжейіне жету үшін біз компания басшылығын күтеміз, - деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар облыс әкімі оқиға орнында полиция департаментінің басшылығы барлық қажетті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.


Фото: Getty Images

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)