Не жаңалық? / АЙДАРЛАР / Әлеумет / Басты
Жәрдемақы туралы жалған ақпарат таралып жатыр

Қазақстандықтарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы беріледі деген хабарламалар жіберілді.
Еңбек министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Хабарламада 1949 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта туған адамдарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы берілетіні көрсетілген. Оны белгісіз бір қор төлейді екен. Сондай-ақ хабарламада осы қаражатты алу үшін сілтеме арқылы өтуді ұсынады.
Ведомство бұл алаяқтардың әрекеті екенін хабарлап отыр. Олар осылайша адамдардың жеке мәліметтеріне қол жеткізбек. Сондықтан күмән тудыратын сілтемелерді ашпаған жөн.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат 1414 номерінен СМС-хабарлама арқылы ғана таралады.
Фото: ibirzha.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті