F16.KZ
Жарияланды: 09:00, 16 апрель 2025
Алтай / Жаналықтар / Басты

Қазір қандай мамандықтар трендте?

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында «Мамандығым – мақтанышым» жұмысшы мамандықтар жылына орай «Жұмысшы шеберханасы» Workshop алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.

Ондағы мақсат – оқушылар арасында жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыру, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнату, студенттер мен түлектердің мансап жолында өсуі мен кәсіби дамуына жағдай жасау.

Шараға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.Асқарова, Технологиялық колледж директоры Т.Маутиева, Мансап орталығының директоры Б.Бекбусинов және жұмыс берушілер қатысты.

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қазіргі еңбек нарығының сұранысы, бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау арқылы жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жұмысшы мамандықтарын таңдаудың маңызы, электронды еңбек биржасымен жұмыс істеу дағдылары және басқа да көптеген пайдалы ақпарат алды.

Шеберлік сабақтары да өтті. Болашақ аспаз, құрылыс технигі, дәнекерлеуші, автомеханик және жиһаз құрастыру шеберлері көпшілік алдында шеберліктерін паш етті.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)