F16.KZ
Жарияланды: 16:00, 06 май 2025
Алтай / Жаналықтар / Басты

Асқақ рухтың иесі: Юрий Новолоцкий мерейтойлық медальмен марапатталды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында Серебрянка қаласының тыл ардагері Юрий Новолоцкий мерейтойлық медальмен марапатталды. Ардагерге марапатты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов №97638 әскери бөлімге жасаған сапары барысында табыстады, деп хабарлады F16.kz.

Юрий Васильевич Новолоцкийдің өмірі – тұтас бір дәуірдің көрінісі. Көкпекті ауданында 1936 жылы дүниеге келген ол бала кезінен еңбекке араласты. Алты жасынан фермада үлкендерге көмектесіп, мал бақты, ұста көмекшісі болып жұмыс істеді. Жастайынан ұшқыш болушы армандап өскен ол ер жеткенде ұшқыштар даярлайтын училищеге түсуге ұмтылады, бірақ «қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы» деген сылтаумен оқуға қабылданбайды. Соған қарамастан Юрий өз жолын тапты. Электромонтер, тәрбиеші болып еңбек етті, кейін 20 жылдан астам уақыт ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

 

Мұндай адамдарды тарихтың тірі куәгері деп атайды. Олардың табандылығы, еңбекқорлығы және Отанға деген адалдығы жас ұрпаққа үлгі, – деді Сақтағанов марапатты табыстап тұрып.

Еңбек жолында Юрий Новолоцкий көптеген мемлекеттік наградамен марапатталды. Бүгінде ол белсенді қоғамдық қызметін жалғастырып, Серебрянка тұрғындарының арасында жоғары құрметке ие және заманының асқақ рухты қаһарманына айналды.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)