admin
Жарияланды: 11:00, 14 октябрь 2024
Күршім / Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Бұқтырма көпірі сынақтан өтті

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір арнайы сынақтан өтті.

Бұл еліміздегі ең ұзын көпір болмақ, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Екі жолақты көпірдің ұзындығы - 1316 метр. 

Көпірдің құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тонна болатын 15 жүк көлігі тартылып, арнайы құрылғылар арқылы деформация, вибрация, жүктемені бөлу секілді көрсеткіштер тіркелді. 

Сынақ нәтижелері көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын көрсетті. 

Айта кетсек, көптен күткен Бұқтырма көпірі 20 қазанда салтанатты түрде ашылады. Осығай орай халықтық мереке ұйымдастырылмақ. 

Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандарын жалғайтын көпірдің ашылу салтанатында 30-ға жуық киіз үй тігіліп, түрлі спорттық ойындар өтеді: қазақ күресі, гір көтеру, аударыспақ, жүгіру, арқан тарту және тағы да басқа жарыстар. Танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концер ұсынылып, сүйіншілеп келген жұртқа ас беріледі. 

-    Бәйге өткізу де жоспарда болған. Бірақ шараның өтетін орны оған қолайсыз болғандықтан, мерекелік концерт пен басқа да спорттық ойындар ғана өтеді, - деп хабарлады Күршім аудандық әкімдігінде.

Мәдени-спорттық шаралар 20 қазан күні сағат 10.00-де жаңа көпірдің Күршім ауданындағы жағалауында өтеді. 


Фото: Көлік министрлігі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)