Күршім көпірінің салтанатты ашылуында қандай шаралар өтеді?
20 қазан күні Бұқтырма көпірінің ашылу салтанаты өтеді.
Күршім аудандық әкімдігі бұл тарихи оқиғаға орай ұлан-асыр той жасамақ, деп хабарлайды F16.kz cайты.
8:30 - 9:30 Спортшыларды тіркеу. Әр спорт түріне бекітілген төрешілер киіз үйлер ауылында тіркейді
10:00 Көпірдің Самар ауданы жағынан Күршім ауданы жағына шерудің өтуі. Шашу шашылады. Жаяу жүргіншілер, автокөліктер өтеді. Көпір 30 минутқа жабылады.
10:30 Көпірден өткен шеру және көрермен халық барлығы киіз үйлер ауылына келеді. Спорттық ойындар осы кезде бастала береді.
11:00 Облыс, аудан басшылығы және келген қонақтарға сөз беріледі.
11:20-13:00 Концерттік бағдарлама. Күршім және басқа аудандардан келген өнерпаздардың концерті. Спорттық ойындар қатар жүре береді.
12:30 Сахна алдына ақ түйе шығарылып, бата сұралады. Батадан кейін қасапшылар түйені сою алаңына апарып сояды.
13:00-14:00 Ас беріледі (ас уақытында концерт пен спорттық ойындар тоқтатылады).
14:00-15:30 Концерттік бағдарлама жалғасады және спорт ойындарының ақтық кездесулері қатар өтеді. Бейбіт Қорған мен Нұрлан Еспанов өнер көрсетеді.
16:00-16:30 Спортшыларды марапаттау. Келген қонақтармен бірге жеңімпаздар марапатталады.
17:00 Мерекенің аяқталуы.