admin
Жарияланды: 09:00, 30 октябрь 2024
Күршім / Басты / АЙДАРЛАР

Күршім өткеліндегі алғашқы паромшылар кімдер?

Паром өткелі ұзақ жылдар бойы күршімдіктердің бас қайғысы болған еді. Бұл туралы аз айтылған жоқ.

Енді, міне, сужаңа көпір салынып, өзекті мәселе түпкілікті шешімін тапты, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Тұрғындарды сергелдеңге салған өткелдің мәселесі өткен ғасырда басталып қойған екен. Ол кездегі паром қандай еді?

Біреу білсе, біреу білмес, аудандық мұражайда алғашқы паромшылар туралы қызықты мәліметтер ұсынылған.

Бұқтырма суқоймасы салынғанға дейін Ертіс өзенінен жолаушыларды арғы-бергі жағалауға екі паромшы өткізіп жүрген екен: Ыбырай Есентаев пен Женька (Евгений) Козин. Ол кезде қол паромы болған, ағаштан жасалған, тым қарапайым. 

Қазіргі темірден соғылған алып паромдар дауылдарда жүрмей тоқтап қала беретін. Ал осы екі паромшы ағаш паромдарымен дауылдардан жүректері шайлықпай, асау мінезді Ертістен жолаушыларды тасымалдап жүрген. Екеуі де бала күндерінен өзен жағасында өскендіктен су жағдайын жақсы білетін. Елге сыйлы болып, паромда бұлар ұзақ жылдар жұмыс істейді.

Шамамен 1956 жылы Бұқтырма суқоймасы салынған соң Ертіс үлкейіп, үлкен паромдар келе бастаған. 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)