Марқакөлде екі адам бруцеллёз жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында бруцеллёз дертіне шалдыққан екі адам тіркелді, деп хабарлайды F16 тілшісі.
Қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылып, ем алуда. Сол сияқты олармен байланыста болған 12 адам да дәрігерлердің бақылауында.
Бруцеллёз – малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Биыл облыста Марқакөлмен қатар, Зайсан, Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған.
Айта кетейік, былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан.
Облыста індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды. Өңірге 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге мөлшерінде қаражат бөлінген.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: F16.kz




