Риддер / Басты / Айтпайын десең... / АЙДАРЛАР
ШҚО-да болашақ чемпиондарды құрттап кеткен азық-түлікпен тамақтандырған ба?

«Риддер қаласындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп интернат колледжі» РММ-де оқитын балалардың ата-аналары асханадағы азық-түлік сапасына шағымданды.
Айтуларынша, балаларын бұзылған азық-түлікпен тамақтандырған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Мұны растайтын фотосуреттер «Imedia.сom.kz» парақшасында жарияланып, әлеуметтік желіде таралды.
Фотосуреттерден шұжықтар мен нанның көгергенін, кейбір тағамдардың құрттап кеткенін көруге болады, біреуінің ішінде тіпті шыбын жатыр. Осыдан бұл асханада санитарлық-гигиеналық талаптар мүлде сақталмайтынын аңғаруға болады.
Ата-аналар бұл мәселені қыркүйек айында көтерген. Балалар мүлде тамақ іше алмаймыз деп шағымданыпты.
- «Instagram» әлеуметтік желісінде жарияланған «Риддер қаласындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп интернат колледжі» РММ-де тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша фактілерді анықтау мақсатында Риддер қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Риддер қаласының прокуратурасынан аталған объектіні тексеру туралы талап түсті. Заңнамаға сәйкес, бұл жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз бола алады. Тексерудің нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады, - деп мәлімдеді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.
00:00
00:00
Фото: Imedia. сom. kz
Қатысты сілтемелер:
Қос азаматтығы бар 16 адам анықталды, екеуі елден шығарылды - ШҚО
Өскеменде ONAY жүйесі неге уақытында іске қосылмады?
Әзірбайжанда өткен турнирде ШҚО спортшылары күміс медаль иеленді
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі