Риддер / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?
Шығыста шаңғы тебу маусымы ашылып қойды

Риддерде шаңғы тебу маусымы ашылды.
27 қазанда Риддер тауларында жаңа қысқы маусым басталды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Енді мұндағы Иванов жотасына келіп, қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға болады.
Қазір қардың қалыңдығы бір метрге дейін жетеді. Бірақ әлі де қар жамылғысы кейбір жерлерді толық жаппаған екен.
Жалпы таулы өңірлерде қар жамылғысы ерте түседі. Шаңғы тебу маусымы қазан айының басында немесе қыркүйекте ашылған кездер де болған.
Айта кетсек, алдағы жылдары Риддер қаласында Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты ашылмақ.
Фото: @ridder.extreme
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті