Жарияланды: 10:10, 23 февраль 2025
Риддер / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Жылу мен қауіпсіздік: Риддерде инфрақұрылымдық мәселелер қалай шешілуде?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласында болып, жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, су тасқынына дайындық барысымен танысты. Сапар барысында жылу желілерін жаңарту, қалалық инфрақұрылымның жағдайы және көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басты назарға алынды.

Жылу жүйесін жаңғырту 

Қалада екі негізгі жылу көзі бар: «Шығыс жылу» АҚ-ның Риддер ЖЭО филиалы және «Л-ТВК» ЖШС қазандығы. Бұл нысандарды жаңғырту – биліктің басты міндеттерінің бірі.

 Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО аймақ балансына өткеннен кейін ауқымды жұмыстар атқарылды. 19 шақырым жылу желісі жаңартылып, жабдықтар қайта жаңғыртылды. Бұл қала тұрғындарына жылу беру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Облыс әкімі оң өзгерістерді атап өтіп:

– Нөлдік қабат ретке келтірілді. Қазір станция 11 мегаватт электр энергиясын өндіруде, жақын арада бұл көрсеткіш екі-үш есеге дейін артады. ЖЭО-ның ішкі резервтері экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазіргі уақытта кадр тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты республикада жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында энергетика және өнеркәсіп саласының мамандарына жан-жақты қолдау көрсетілмек. Облыс басшылығы «Отбасы банк» арқылы ЖЭО-да жұмыс істеуге ниетті азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді.

 

«Л-ТВК» ЖШС қазандығының жағдайы

«Л-ТВК» ЖШС қазандығы – қала тұрғындарын жылу және сумен қамтамасыз ететін тағы бір маңызды нысан. Қаражыра көмірімен жұмыс істейтін қазандықта қазіргі уақытта бес су жылыту қазандығы пайдаланылуда. Алайда 2001 жылы құрылған бұл кәсіпорынның қазіргі жағдайы мәз емес – жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына қаражат жеткіліксіз.

 

– Біз «Қазцинк» ЖШС және «Л-ТВК» басшылығымен қазандықты жергілікті атқарушы органдардың балансына беру туралы келісімге келдік. Бұл мәселе үшжақты келіссөздер барысында шешіледі, – деді облыс әкімі.

Су тасқынына дайындық

Көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері де басты назарда. Әкім «ЛКГЭС» ЖШС-ның мұз жіберу каналының тазалығын бақылауды, арықтар мен каналдарды тазартуды тапсырды. Әсіресе, Ботаника ықшам ауданындағы жағдай ерекше қадағалауда болады.

Риддерде жылу жүйесін жаңғырту және су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті билік жоспарланған барлық шаралардың уақытылы орындалуын бақылауда ұстайтын болады. Бұл шаралар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған.

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Зайсан ауданы: инфрақұрылым қауіпсіздігі және дамудың өзекті мәселелері талқыланды
04.02.25, АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Зайсан
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...