admin
Жарияланды: 17:00, 04 февраль 2025
АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Зайсан

Зайсан ауданы: инфрақұрылым қауіпсіздігі және дамудың өзекті мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының басшысы Ерлан Текешов жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Жаңадан тағайындалған аппарат басшысы аудан активімен кездесіп, төтенше жағдайлар мен инфрақұрылымның қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Аудан әкімінің орынбасары Данияр Серіков көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары мен төтенше жағдайларға дайындық жайында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Су тасқынына қарсы жұмыстар мен тиісті қызметтердің үйлесімді жұмысы басты назарға алынды.

Сапар барысында Ерлан Текешов су тасқыны қаупі бар Зайсан қаласындағы Жақсылықов көшесін, Қасқа жол учаскесін (Зайсан – Жаңатұрмыс бағыты), сондай-ақ Дайыр мен Айнабұлақ ауылдарын аралап, жағдайды бағалады. Су тасқынына қарсы дайындық шаралары мен қажетті инфрақұрылымның жай-күйі талқыланды.

Аппарат басшысы Зайсан қалалық емханасының қазіргі жағдайымен танысып, жаңа нысан салу қажеттілігін қарастырды. Бұл шара денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту және медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында жасалды.

Ерлан Текешовтің Зайсан ауданындағы сапары өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары мен инфрақұрылымның жай-күйін бағалауға үлкен мүмкіндік берді.

 

Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)