F16.KZ
Жарияланды: 18:00, 21 апрель 2025
Риддер

Риддерде «Ардағым – ардагерім» акциясы басталды

Бүгін Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» атты патриоттық акция басталды, деп хабарлайды F16.kz.

Акция аясында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлерін құттықтап, алғыс білдірді.

Бұл күні тыл еңбеккерлеріне ақжарма тілектер айтылып, құшақ-құшақ гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Ең бастысы – көңіл. Қариялар осылай зор құрмет көрсетіп, ерекше көңіл бөліп жатқандары үшін акция ұйымдастырушыларына алғаусыз алғыстарын жеткізді. 

Ардагерлеріміздің батасы мен ақ тілегі – бұл жай ғана сөз емес. Онда рухтың күші, келешек ұрпақтың бейбітшілігі мен бірлігінің кепілі жатыр, – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.

Мұндай бастамалар халық ерлігін еске салумен қатар, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын рухани көпірге айналады.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде