Самар / Не жаңалық? / Басты / АЙДАРЛАР
Самар жағалауына автобус қатынауы мүмкін

Соңғы жылдары Самар жағалауында орналасқан демалыс базалары мен лагерьлерге келушілер саны артқан.
Демалыс орындарының басым бөлігі Миролюбовка және Новостройка ауылдары арасында, тағы бір бөлігі Сарыбелдің тұсында орналасқан, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Бұрын Самардан Васильев өткеліне дейін бірнеше автобус жүріп тұрған болатын. Ал қазір демалушылар жеке көлікпен немесе таксимен жетеді.
Самар жағалауы болашақта ірі туристік кешенге айналуы мүмкін. Ал оны туристер үшін тартымды етуде логистиканың маңызы зор.
– Бүгінде Самарға дейінгі бұрылысқа Өскемен – Күршім бағытындағы бір ғана автобус жүреді. Егер сұраныс туындаса, Самар жағалауындағы базаларға маусымдық автобус бағытын ашуға мүмкіндігіміз бар, – дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Акрамов.
Фото: visiteast.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті