admin
Жарияланды: 15:00, 21 январь 2025
Самар / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Самар ауданында тасқынға тосқын жұмыстары пысықталды

Самар ауданында аудан әкімі Серік Жеңісұлының төрағалығымен көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жиын өтті. Жауапты бөлім басшылары ауылдардағы су қоймаларының жағдайлары туралы баяндады.

Жиынға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, округ әкімдері және әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты.

- Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын басты назарда ұстауымыз керек. Әр әкім өз ауылдық округіне қарасты су қоймалары мен су өткізгіш көздерді қардан тазартып, бақылауды күшейтеді. Сонымен қатар, әкімдер және бөлім басшылары жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауладағы қарды, арықтарды күреп отыруы қажет екендігін жеткізуі керек, - дейді аудан әкімі Серік Жеңісұлы.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, биыл ауданда жауған қардың қалыңдығы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қалың түскен. Бірақ, топырақтың қату қабаты өткен жылға қарағанда әлдеқайда жұқа. Яғни, 14 сантиметр ғана. Былтыр бұл көрсеткіш 75 сантиметр болыпты.

Аудан әкімі Самар ауылының жоғары жағында орналасқан «Лайлы» су қоймасының жағдайы жіті бақылауда екенін де айтты. Осы орайда айта кететін жәйт, өткен жылдың күз айында ауылдың тура ортасынан ағып жатқан «Лайлы» өзенінің арнасы кеңейтілген болатын. Бұл жұмыс ауыл ішіне қызыл су қаптап кетпеуіне үлкен септігін тигізіп отыр.

Аудан басшысы жауапты басшыларға су тасқынының алдын алу бойынша қадағалау мен қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізуді қадап тапсырды.

 

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)