Самар / Жаналықтар
Самар ауданында 500-ге жуық адам көшет екті

Самар ауданында Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында мектеп аумағында көшеттер егілді. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы бұл шараға мектеп оқушылары мен аудандағы мекеме басшылары атсалысты, деп хабарлайды F16.kz.
Аталған шараға аудан әкімі Серік Жеңісов, аудан прокуроры Айдос Тұрсынов, білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, Самар ауылдық округінің әкімі Марат Дюсупов, аудан мәслихатының төрағасы Гүлнар Шаймарданова қатысты.
Президенттің бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл бір күндік акция емес, ұзақ мерзімге созылады. Оқушылар мектеп ауласын тазалауға, көгалдандыруға белсенді қатысты. Шараның тағы бір ерекшелігі мектеп түлектері де үлес қосып, жеміс ағаштарын екті, – деді Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Құсайынова.
Айта кетейік, ағаш егуге 500-ге жуық адам қатысты. Олар шырша, жеміс ағаштарының, гүл, шие, алмұрт көшеттерін екті. Игі шара барысында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды.
Фото: Самар ауданы әкімдігі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?