Өскемен / АЙДАРЛАР / Әлеумет
Өскеменде 174 отбасы қоныс тойын тойлады

Республика күніне орай Өскеменде 174 отбасы баспаналы болды.
Бұл пәтерлер жеке құрылыс салушылардан бюджет қаражаты үшін арнайы сатып алынды, деп хабарлайды F16.kz.
Баспана алушылар арасында: 40 жетім бала, 50 көпбалалы отбасы, халықтың әлеуметтік осал топтарының 84 өкілі бар.
- Отан отбасынан басталады деген қанатты сөз бар. Егер әр отбасы бақытты болса, әр отбасының басында үйі болса, сонда Отанның да іргесі берік, шаңырағы биік болады. Жеңілдетілген тұрғын үй беру - біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Осы жылдың басынан бастап кезекте тұрғандар арасында 58 пәтер мен үй үлестірілді. Республика күніне тағы 174 отбасы өз кілттерін алды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін тағы 40 пәтер сатып алу және үлестіру жоспарланып отыр. Биылғы жылдың соңына дейін 270-тен астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті қала әкімі Жақсылық Омар.
Фото: видеодан скрин
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті