admin
Жарияланды: 09:21, 31 октябрь 2024
Өскемен / АЙДАРЛАР / Біздің медицина

ШҚО-да 100-ден астам әйел тексеруден өтті

ШҚО-дағы Онкологиялық орталықтың маммологтары «Қызғылт қазан» акциясы аясында 100-ден астам мемлекеттік қызметте істейтін әйелдерді тексерді.

«Қызғылт қазан» - сүт безі обыры туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған дүниежүзілік ай. Бір ай ішінде ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкопатология құрылымында басты орын алатын ауыр дерт туралы айтып, түрлі акциялар өткізеді.


«Қызғылт қазан» дәстүрлерінің бірі - онкологиялық орталық дәрігерлері облыстың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру. Кеше мұндай іс-шара мемлекеттік қызметтің қызметкерлерінің қатысуымен өтті, олар дәрігерге жоспарлы түрде бару үшін, барлық жұмыстарын және жеке істерін қалдыру оңай емес. ШҚО КОжХО маммологтары 100-ден астам мемлекеттік қызметте істейтін әйелдерді тексеріп, көрсеткіштер бойынша сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізіп, тиісті ұсыныстар берді.

Фото: Онкологиялық орталық

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)