Өскеменде көкөністердің бағасы тұрақтандырылады
1 қарашада көкөністер бағасын тұрақтандыру маусымы ашылды.
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары қатарындағы төрт түрлі көкөніс бағасын тұрақтандыруды қайта бастады, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Айта кетсек, Өскеменде баға тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін 24 сауда павильоны бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстеме бағасыз сатуға 26 кәсіпкермен меморандум жасалды, олардың қатарын арттыру бағытында жұмыстар үздіксіз жалғасып жатыр. Аталған 24 павильонның 8-і бойынша мемлекеттік реестр арқылы ашық конкурс өткізілуде. Павильондарды жалға алғысы келетін кәсіпкерлердің барлығы конкурсқа қатыса алады.
1 қарашадан бастап әлеуметтік маңызды азық-түліктер қатарындағы көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру аясында картоп – 115 тг/кг, сәбіз – 115 тг/кг, қырыққабат – 115 тг/кг, пияз – 120 тг/кг сатылмақ.
Фото: Unsplash