F16.KZ
Жарияланды: 17:32, 14 апрель 2025
Жаналықтар

Енді жолаушылар кешіккен пойыз үшін өтемақы талап ете алады

Көлік министрлігі жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер билеттерді сату уақытына, мүгедектігі бар адамдарға жол жүруді ресімдеу тәртібіне, балаларды тасымалдауға және билеттерді қайтаруға қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ


Енді жолаушылар пойызына билетті теміржол көлігі жүргенге дейін кемінде 45 тәуліктен 10 минутқа дейін (бұрын 45-тен 1 тәулікке дейін болған), ал қала маңындағы пойызға 10 тәуліктен 10 минутқа дейін (бұрын 10-нан 1 күнге дейін болған) алуға болады.

Билет салу Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7.00-ден бастап 45 тәулік ішінде жүзеге асырылады.

ЖЕҢІЛДІКТЕР


Iтоптағы мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын, жүріп-тұру үшін көмекші құралдарды (тифлотростар, балдақтар, жаяу жүргіншілер, кресло-арбалар) және (немесе) басқа адамдардың көмегін пайдаланатын адамға және оны алып жүрушіге;

мүгедектігі бар балаға (18 жасқа дейін) және онымен бірге жүрушіге;

медициналық ұйымға (ұйымнан) шұғыл сапарлар кезінде баратын адамға және оның ілесіп жүрушісіне. Бұл ретте билет тек кассада сатылады.

Қалған санаттар (мүгедектігі бар адамдар) билетті пойыз жүргенге дейін 7 тәулік бұрын сатып алады. Бір купеде төрт орынға дейін алуға рұқсат етіледі.

БАЛАЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ


7 жасқа дейінгі бір бала бөлек орынсыз тегін жүре алады. Ал 7 жастан 15 жасқа дейінгілерге жол жүру құнының 50% мөлшерінде жеңілдік бар. 15 жастан бастап ересек адам ретінде билет алады. Кәмелетке толмағандар заңды өкілмен бірге немесе нотариалды куәландырылған келісімімен ғана жүре алады.

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК


Билетті ресімдегенде жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік және басқа да құжаттардың бірі қажет болады. Уақытша жеке куәліктер енді жарамайды. Барлық құжаттарды қағаз түрінде де, цифрлық құжаттар сервисі арқылы да ұсынуға болады. Жеңілдікті немесе тегін билетті ресімдеу үшін жеңілдіктерге немесе тегін жол жүруге құқық беретін құжатты көрсету қажет.

БИЛЕТТІ ҚАЙТАРУ


Пойыз жүрмей қалса немесе басқа да форс-мажор жағдайларда билет толық қайтарылады. Пойыз кешіксе жолаушы өтемақы ала алады. Мәселен жолаушының кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3%-ын, бірақ толық құнынан аспайтын мөлшерде өтемақы өндіріп алуына мүмкіндігі бар. Өтінішті 6 ай ішінде беруге болады.

ҚОСЫМША ӨЗГЕРІСТЕР


Белесебет, арба, көшет, егер олар қапталған болса және биіктігі 180 сантиметрден аспаса, қала маңындағы пойызда тасымалдауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ ұйымдастырылған топтардан өтінімдер беру және бір орынға 500 кг дейін жүк-багажды ресімдеу тәртібі түзетілді.

Фото: Өскемен-1 теміржол вокзалының ресми сайты

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде