Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:55, 22 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Жеңіс даңғылында декоративті жарықтандыру қосылды

Өскемендегі орталық көшелердің бірінде декоративті жарықтандыру іске қосылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Республика алаңының маңы мен Достық үйінің аумағы декоративті жарықтандырумен безендірілген. Түнгі уақытта көшенің самаладай жарқырап тұруы тарихи орталыққа ерекше әсемдік сыйлап, тұрғындардың көңілінен шыққан. 

Қала әкімдігі биыл тағы бірнеше көшеде декоративті жарықтандыру іске қосылатынын хабарлаған еді.

Күні кеше Жеңіс даңғылында аталған жұмыстар аяқталды. Тұрғын үйлердің қасбеті жарқырап тұр. 

Мұндай жұмыстар Сәтпаев даңғылында да жоспарланған. Сондай-ақ Әуезов даңғылы Үлбі көпірінің маңындағы ғимараттардың қасбетін жарықтандыру жобасы әзірленді. Қазір ол жер тумен безендірілген. Көзге бірден түсетін орын болғандықтан түнгі жарықтандырудың  скизін жасадық. Қазір қаржы көздерін іздестіріп жатырмыз, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қараңғы қала қауіпті». Өскеменде жарықтандыру жүйесі қашан жаңғыртылады?
04.11.24, Өскемен / Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең...