F16.KZ
Жарияланды: 10:00, 28 апрель 2025
Өскемен

 «Синьсин» компаниясы 1 млрд теңге айыппұл төлейді

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап етуімен экология департаменті «Синьсин» құрылыс және даму Қытай компаниясы» ЖШС-ға тексеру жүргізді.

Тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда ІІ санаттағы нысандарға экологиялық рұқсатсыз асфальтобетон қондырғысы мен ұсату кешені пайдаланылған.

Былтыр 21 қарашада инспектордың қаулысымен аталған серіктестік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шешіммен келіспеген серіктестік Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағым түсірді.

Биыл 4 наурызда сот қаулысымен қытайлық компанияның кінәсі анықталып, 1 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Тарап жоғары тұрған сотқа шағым түсіргенімен, биылғы 10 сәуірде апелляциялық инстанция қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Фото: pixabay.com

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)