F16.KZ
Жарияланды: 09:18, 29 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменде жергілікті өнер жұлдыздарының концерті болады

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Өскеменде жергілікті өнер жұлдыздарының концерті, жастар фестивалі, Қазақстан тауына жүгіру және басқа да мерекелік шаралар өтеді, деп хабарлайды F16.kz.

Өскемен қаласының әкімдігі 1 мамыр күнге жоспарланған мерекелік бағдарламаны ұсынды:

10.00 «Бірлік жарысы» атты Қазақстан тауына жаппай жүгіру;

12.00 – Республика алаңында — Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы әртістерінің қатысуымен Qazaq elі – tatýlyq mekenі концерті;

12.00 – Солжағалау кешенінде — «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты мерекелік концерт;

18.00 – Республика алаңында — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Студенттік достық – 2025» жастар фестивалі.

Бұл күнді жарқын көңіл-күймен, әуелеген ән, күмбірлеген күймен қарсы алып, достық пен татулықтың атмосферасында бірге мерекелейік!, деп жазды қала әкімдігі.

Сонымен қатар 1 мамырдан бастап Өскемендегі барлық субұрқақ іске қосылатынын айта кету керек.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)