Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:57, 02 май 2025
Өскемен

Өскеменде ашық аспан астында кино көрсетілді

Облыс орталығының тұрғындары ашық аспан астында отандық фильмді тамашалады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Өскемен аллеясына жиналған жұртшылық «Дос-Мұқасан» ансамблінің тарихын баяндайтын то­лықметрлі көркем фильмді ерекше атмосферада көрді. 

Фильм арқылы шығармашылық ансамблінің тарихымен таныстық. Бұған дейін киноның түсірілімі Өскеменде болғанын естігенбіз, бірақ бүгін киноны бірінші рет көрдім. Қатты ұнады. Бүгінгі күн райы да, мерекелік күн де жанға ерекше жайлылық сыйлайды, - деді қала тұрғыны Меруерт Құмарбекқызы. 

Айта кетейік, аталмыш шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің режиссері Өскеменнің тумасы - Айдын Сахаман.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)