Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:27, 02 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Сенбіде екі жәрмеңке өтеді – Өскемен

3 мамыр күні Өскеменде екі жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Шаһар тұрғындары сенбінің таңын сенбілікпен атырып жүргелі біраз болды. Ертең де облыс орталығының тұрғындары Шемонайха ауданынан келген  тауар өндірушілерінің өнімдерін тиімді бағада ала алады. Жәрмеңке әдеттегідей «Алтай» көтерме-тарату орталығының (Жібек жолы, 44) аумағында өтеді. 

Екінші жәрмеңке жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен Достық үйінің жанында (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68) болады. 

Қала тұрғындары мен қонақтары нарықтағы бағадан төмен бағада  сүт, ет, шұжық өнімдерін, азық-түлік, бал, көкөністер, жемістер және басқа да тауарларды ала алады. Өтетін уақыты: сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін.

Фото: gov.kz 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)