Ертең Өскеменде мерекелік шеру өтеді

3 мамыр күні Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Көктем жеңісі» атты көшпелі концерт өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Шара барысында әскери әндер орындалып, жұртшылыққа патриоттық атмосфера сыйлайтын музыкалық және театрландырылған қойылымдар қойылады.
Концерттік колоннаның бағыты:
Сағат 9:00-де Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімнен шығып, Ахмер, Меновное кенті арқылы Жібек жолы көшесі, Сәтпаев даңғылы бағытымен қозғалыс басталады.
Сағат 10:00-де колонна Күленов кентіндегі Әлия Молдағұлова көшесінің соңғы аялдамасына жетіп, ары қарай маршрут Энтузиастов және І.Айтықов көшелері арқылы жалғасады.
Сағат 10:40-та Ізғұтты Айтыков ескерткішіне ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Бұдан кейін бағыт Самар тас жолы, Рейша, Қазыбек би даңғылы, Есенберлин даңғылы, Үтепов көшесі, Сәтпаев даңғылы, Ертіс көпірінен, Желтоксан көшесіне, Новаторов, Мызы көшелеріне жалғасады.
Сағат 11:00-де Мызы көшесіне («Гостиный двор» алаңы) келеді. Кейін колонна Шәкәрім даңғылы, Гоголь көшесімен жүріп, Достық үйіне, Гагарин бульвары, Карбышев көшесіне өтеді.
Сағат 13:00-де «Самал» саябағының (Қарбышева көшесі) автотұрағында концерт өтеді. Одан кейін Студқалашық, Астана даңғылы, Үлбі көпірі, Нұрмағамбетов көшесі арқылы қозғалады.
Сағат 14:00-де Арбатта жалғасады.
Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындарды ерліктің рухын бірге еске алып, бейбіт өмір сыйлаған батырларға тағзым етуге шақырады.
Фото: @akimatoskemen




