Ерлікке тағзым: Өскеменде Жеңіс күні қалай атап өтіледі?

Ертең, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Өскеменде бірқатар мерекелік іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары жергіліктік өнерпаздардың қатысуымен болатын концертті тамашалап, үлкен экраннан әскери парадты көреді, деп хабарлайды F16.kz.
7 мамыр
11.00-де – Сол жағалаудағы әскери кешенде мерекелік концерт.
12.30-да – 19-шы шағын ауданда орнатылған Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.
Сонымен қатар осы күні Сол жағалау кешені мен спорт сарайының жанындағы LED экраннан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі болады.
8 мамыр
19.00-де – Республика алаңындағы орталық киіз үйде сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертетін көркем фильм көрсетіледі.
9 мамыр
Стрелкадағы Даңқ мемориалында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтеді.
10.00-де – Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді және театрландырылған көрініс қойылады.
11.30-де – мерекелік концерт.
18.00-де – мерекелік концерт.
20.00-де – «Шырақ жақ» акциясы.
21.00-де – мерекелік отшашу.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі




