«Бәйге» басталды: сатып ал да, сканерле

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Бәйге» атты акция бастады, деп хабарлайды F16.kz.
Акция ережесі бойынша белгіленген кезеңде ең көп фискалды чек жинаған жеке тұлға 100 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Биылғы 1 мамырда басталған науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады және республика көлемінде өтеді.
Әр тоқсанның қорытындысында әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалды чек сканерлеген азаматтарға 100 мың теңге көлемінде жүлде беріледі.
Акция тоқсан сайын өткізіледі.
1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
2-кезең: үшінші тоқсанда;
3-кезең: төртінші тоқсанда.
Аталған акцияға қатысу үшін Amian мобильді қосымшасы арқылы тауарға, жұмысқа және қызметке төленген чектерді тіркеу қажет.
Облыстық департамент азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект




