Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:12, 06 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Жол сапасы қатаң қадағаланады – Алмат Ақышов

Бүгінде Өскемендегі бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскелер қатарында Сәтпаев даңғылын Самар тас жолымен байланыстыратын Рейша көшесі де бар, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

5 мамары күні мамандар зертханаға жіберу үшін керн алды. Сынамалар қойылған талаптарға сай болған жағдайда ғана нысан қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов айтты. 

Тұрғындар тарапынан жолдың сапасына жиі шағым айтылады. Ондай жағдайлардың алдын алу үшін алдын ала барлық мердігерлерді жинап, жұмыстар қатаң тексеріліп барып қабылданатынын ескерткенмін. Біз үшін сапа маңызды. Айта кетейін, жұмыстарды жергілікті мердігерлер жүргізді. Ал бұл жұмыстары сапалы жасалуы - барлығымыздың абырой-беделіміз болып есептеледі. Егер бес жыл ішінде қандай да бір ақау пайда болса мердігерлер кепілдік қызмет көрсету аясында жөндеп береді, - деп атап өтті шаһар басшысы.

Сонымен қатар қала әкімі кей жағдайларда мердігердің де кінәсі болмайтынын жеткізді. 

Мәселен, құрылыс материалдары, битум сапасыз болып шығуы мүмкін. Ал ол жолдың сапасына әсер етеді. Яғни ондай кезде мердігердің кінәсі болып есептелмейді, - деді Алмат Ақышов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалада жол жөндеу жұмыстары жылдағыдан ертерек басталғанын хабарлағанбыз. Сәуір айының басында 18 учаскеде жол жөнделіп басталған. Бұған қоса, ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ қала әкімдігі бұл жолдар тізімі алдағы уақытта толықтырылып отыратынын айтады. Жаңа учаскелерді қосу туралы шешім қала тұрғындарымен кездесулер мен келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде қабылданады.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)