Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:09, 12 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен көшелері абаттандырылып жатыр

Облыс орталығында көшелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Бүгінде қаланың орталығындағы Чехов, Горький және Нұрмағамбетов көшелерінде тас төсеуіш жаңаланып, көгалданыру жұмыстары қолға алынған.

Облыстық филармония ғимаратының маңы да абаттандырылады. Себебі мұнда мереке және демалыс күндері қала тұрғындар мен қонақтары жиі келеді. Сондықтан бұл аумақы жаңарту қала келбетіне оң әсер етеді деп ойлаймыз, - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары да орталық көшелерде, аулалар мен тұрғын үй аумақтарында кезең-кезеңімен жүргізіледі. 

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл 38 учаскені абаттандыру жоспарланған. Қазір 10 учаскеде жұмыс басталып кетті. Мердігер ұйымдардың жобаны бекітілген кесте сәйкес аяқтау бақылауда болады.

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)