F16.KZ
Жарияланды: 09:30, 14 май 2025
Өскемен / Жаналықтар / Басты

Шығыста алғаш рет шоумендер фестивалі өтті

Өскеменде тұңғыш рет креативті индустрияны дамытуға бағытталған SHOWMEN FEST-2025 облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды F16 тілшісі.

Шығыстың танымал деген асабалары мен шоумендерінің басын қосқан іс-шара еліміздегі той бизнесіне тың серпін беру және асабалардың мәдениетін жаңа деңгейге көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мұны фестивальдің басы-қасында жүрген азаматтар да айтты.

Фестивальге 20-дан астам асаба мен беташар айтушы қатысып, бірқатар номинация бойынша өзара мықтыны анықтады. Арасында Нұржан Қасенов, Абылайхан Бақытұлы, Алпыс Жақиянов сынды облысымызға кеңінен танымал той жүргізушілері де болды. Сайыстар соңында «Үздік шоумен» (зайсандық Мәди Айтқабылов), «Үздік асаба» (катонқарағайлық Нұржан Қасенов), «Үздік беташар» (Алпыс Жақиянов), «Көрермен көзайымы» (риддерлік Ольга Бахрамеева) және «Үздік импровизатор» (зайсандық Мақсат Садықбаев) аталымдарында топ жарған қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 Тағы бір айта кетер жайт, фестиваль аясында қатысушыларға белгілі event-сарапшылар – кәсіби жүргізуші, «Меховая 8/1» тобының солисі Қабдол Тілеков, танымал әзілкештер Айбат Никулин мен Данияр Батырбаев шеберлік сабақтарын өткізді.

Асабалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, тәрбиелік бағытта да жұмыс істей алуы шарт, – дейді қазылар алқасының мүшесі, әнші Әділ Тұрғанбаев.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: