F16.KZ
Жарияланды: 09:00, 15 май 2025
Өскемен

Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болған – ШҚО

Өскеменде түзеу мекемесінің аумағына ұялы телефон лақтырмақ болған адам ұсталды, деп хабарлайды F16.kz

Бұл туралы ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлікқолбасшылығының  баспасөз  қызметі мәлім етті. Оқиға былай болған: облыс орталығында орналасқан №16 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімі рота командирінің бақылаушылар қызметі жөніндегі орынбасары тыйым салған аймақты шолу кезінде қоршаудың сыртынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген Ф. есімді азаматты ұстады.

Тексеру барысында бұрын сотты болған ер адам түрмеге SIM картасы бар бірнеше смартфон, қуаттау құрылғысы, тоғыз жұп құлаққап, дәрі-дәрмек пен бірнеше жөргек лақтырмақ болғаны анықталды. 

Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды. Заң бұзушы бұған дейін осы мекемеде жазасын өтеген.

Фото: ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)