Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:02, 15 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменде «сөйлейтін бағдаршамдар» орнатылды

Өскемен қаласында жаяу жүргіншілерге арналған дыбыстық хабарламасы бар бағдаршамдар орнатылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр. Қоғамдық орындарда еркін жүре алуы үшін ыңғайлы пандустар орнатылса, енді «сөйлейтін бағдаршамдар» іске қосылмақ. 

Бағдаршамдарда дауыстық хабарламалар арқылы дыбыстық сигналдар мен жасыл шамның жанғанын білуге болады. Бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға жолдан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді. Дыбыстық құрылғылардың көмегімен олар қалалық ортада еркін және сенімді жүре алады, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа құрылғы қала бойынша алты жаяу жүргінші өткелінде жұмыс істейді.

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)