F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 15 май 2025
Өскемен / Жаналықтар / Басты

Зейнеткердің атынан заңсыз несие алған күдікті ұсталды – ШҚО  

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды F16.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер өз атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, полицияға арызданған. Тұрғынның айтуынша, танысы оның үйінің ауласында жүрген кезде телефонын аз ақытқа пайдалануға рұқсат сұраған. Алайда құрылғы қолына түскен соң күдікті бір банктың қосымшасы арқылы жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, кейін 700 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған, – деп жазды басылым.

Қазір құқық қорғау қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға өз телефонын ешкімге бермеуді, жеке деректердің қауіпсіздігін қадағалауды және өте сақ болуды ескертеді.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)