F16.KZ
Жарияланды: 09:00, 17 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Сол жағалауда жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылады – Өскемен әкімі

Жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жылумен қамту… Өскемен қаласы Алмат Ақышовтың Сол жағалау кенті тұрғындарымен кездесуде осы және басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды F16 тілшісі.

Бүгін cіздермен алғаш рет кездесіп тұрмыз. Ондағы мақсатымыз – сіздердің ұсыныс-тілектеріңізді тыңдап, қай бағытта жұмыс жүргізетінімізді нақтылау, – деді кент тұрғындарымен кездесуде сөз алған қала әкімі.

Кездесу барысында көптеген мәселе көтерілді. Дені – кентің инфрақұрылымына қатысты проблемалар. Мәселен, тұрғындардың тарапынан асфальт төсеу, шұрық-тесік жолдарды жөндеу, көшелерге жарық тарту, кентке қатынайтын автобустардың жүрісін жиілету, қалаға қарай апаратын тағы бір жол салу, қоқыс шығару сияқты мәселелерге қатысты көп сұрақ қойылды.

Шаһар басшысы кездесуде көтерілген барлық мәселеге жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды. Кей мәселе жуық арада шешімін табатына сендірді.

Кентте қордаланған мәселе көп екен. Тұрғындар тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Ешқайсы да назардан тыс қалмайды. Кейбір проблемаларды тез арада шешуге тырысамыз. Мәселен, шұрық-тесік жолдарды жамау. Бұл бағыттағы жұмыстарды бес күн ішінде аяқтайтын боламыз. Сонымен қатар бір көшеге асфальт төсеп, тоғыз көшені жарықтандырамыз. Жоспарда балаларға арналған бірнеше жаңа ойын алаңын салу да бар. Мұның бәрін күзге дейін тындырамыз, – деді А.Ақышов.

Қала әкімі сонымен қатар елді мекенде жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар ірі жоба бар екенін де жеткізді. Атап айтқанда, теміржол үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу, жаңа медициналық пункт ашу, кенттен шығатын тағы бір жол құрылысын бастау, тағысын тағы. Тек аталмыш жобаларды жүзеге асыруға айтарлықтай уақыт пен қаражат қажет болады, деді ол. 

Мемлекет тарапынан барлық елді мекенге бірдей көңіл бөлінеді. Сондықтан Сол жағалау кентінің тұрғындары да назардан тыс қалмайды, мұнда бар проблемаларды біртіндеп шешетін боламыз, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Шаһар басшысы кездесуде көтерілген барлық мәселеге қатысты құзырлы органдарға тиісті міндеттер жүктеді.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Қаңыраған үй, қираған ғимарат, үдере көшкен ел. Шекарадағы Первомайка кентінің бүгінгі өмірі
28.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шемонаиха / Журналист жол үстінде / Шекаралық аудан
«Қараңғы қала қауіпті». Өскеменде жарықтандыру жүйесі қашан жаңғыртылады?
04.11.24, Өскемен / Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең...