F16.KZ
Жарияланды: 10:30, 19 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемендегі ірі сауда үйінде өрт шықты

Өскемендегі ірі сауда үйінің бірінде шыққан өрт жедел сөндірілді, деп хабарлайды F16.kz.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өрт Абай даңғылы бойында орналасқан DANIEL сауда үйінің екінші қабатындағы киім-кешек сататын бутикте шыққан. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның басқа сауда орындарына таралуына жол бермеді. Құтқарушылар ғимараттан 30 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: ШҚО ТЖД/видеодан алынған кадр

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)