Өскемен / Жаналықтар
Сограда мектеп оқушылары қашықтықтан оқиды

Согра шағын ауданындағы жағдайға байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше әлеуметтік желіде Сограны сұрғылт түтін басқан түрлі видеолар тарай бастады. Экология департаментінің мамандары бірден іске кірісіп, тексеру жүргізді.
Ал ата-аналар чатында төмендегідей ақпарат тарай бастады:
Ауа сапасының нашарлауына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды, екінші ауысым бойынша шешім кейінірек қабылданады, - делінген хабарламада.
Жағдай жергілікті билік пен «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының бақылауында.
Қатысты сілтемелер: