Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:37, 20 май 2025
Өскемен / Спорт

Өскемендік оқушы әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Германияның Лейпциг қаласында нұсқасы бойынша каратэден 7-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Дүбірлі додада ел намысын қорғаған IFK Kazakhstan командасының құрамында өскемендік Малинин Алексей бар. Ол 17 жасқа дейінгі қатысушылар арасында 75 келіге дейінгі санатта бақ сынап, әлемдік біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Болашағынан зор үміт күттірген жас спортшы бүгінде Өскемендегі №34 мектеп-лицейінің 10 "А" сыныбында оқиды.

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)